Аварлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аварлар (авар. аварал, магӏарулал, орыс. аварцы) — Дағыстан халықтары, Кавказдың байырғы халықтарының бірі. Қазіргі Дағыстанның халық саны бойынша ең үлкен халқы.[1] Жалпы саны шамамен 1 500 000 адам, Ресей Федерациясындағы саны 814 473 адам. (2002)
Quick Facts Бүкіл халықтың саны, Ең көп таралған аймақтар ...
магlарулал, аварал | |
Аварлар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
1,5 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Ресей |
814 473 (2002) |
Түркия |
53 000 |
Әзербайжан |
50 871 (1999) |
Грузия |
4 200 |
Қазақстан |
1 202 (2009) |
Украина |
1 496 (2001) |
Тілдері | |
Діні | |
Этникалық топтары | |
Close
Аварлардың тарихи Отаны — Таулы Дағыстан болып келеді, сонымен қатар Шығыс Грузия[2] мен Солтүстік Әзірбайжан. Аварлардың басым көпшілігі (жалпы санның 85%) Ресейдің Дағыстан Республикасында тұрады, аварлардың шамамен 6%-ы Ресейдің басқа аймақтарында, және шамамен 9%-ы Ресейден тыс жерде, негізінен Түркия мен Әзірбайжанда тұрады. Дағыстанның 41 ауданының 17-сінде аварлар халықтың сандық көпшілігін құрайды.