Алтынның балқыма сынамасы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Алтынның балқыма сынамасы. Стоматологиялық тәжірибеде алтынның әр түрлі балқымасы пайдаланылады. 900 балқыма сынамасы — 90% таза алтыннан, 6% мыстан және 4% күмістен тұрады. Балқыма ауыз ішінде тот баспайды, тоттанбайды, яғни химиялық бөлінуден аулақ келеді. 750 балқыма сынамасының құрамына 75% алтын, 8% күміс, мыс және 9% платина кіреді. Доға тәрізді протез құю үшін, кламмер, фарфорлы тістерді жасауда кең қолданылады. Дәнекер ретінде де осы балқыма сынамасы пайдаланылады, тек проценттік қатынасы сәл өзгеше. [1]