Америка Құрама Штаттары
Солтүстік Америкада орналасқан федеративтік мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Америка Құрама Штаттары (ағылш. United States of America [ði juˌnaɪtɪd ˌsteɪts əv əˈmerɪkə]), жиі қолданылатын түрі АҚШ (ағылш. USA) немесе Құрама Штаттар (ағылш. United States, U.S., US, ауызекі тілде – Америка) — Солтүстік Америкадағы мемлекет. Аумағы 9,5 млн км²[9][10][11] (әлемде 4-орын).
Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...
Америка Құрама Штаттары ағылш. United States of America | |||||
| |||||
Ұран: «In God We Trust» (1956 жылдан бастап) «Құдайға сенеміз» «E Pluribus Unum» (дәстүрлі) «Көптің ішінен дарамыз» | |||||
Әнұран: «The Star-Spangled Banner» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 4 шілде 1776 жыл (Британ империясынан) (3 қыркүйек 1783 мойындалды) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Федералдық деңгейде ешқайсысы: Америка ағылшын тілі (де-факто)[1] | ||||
Елорда | Вашингтон | ||||
Ірі қалалары | Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Чикаго, Майами, Хьюстон, Филадельфия, Бостон, Сиэтл, Сан-Франциско, Сан-Антонио, Сан-Диего, Лас-Вегас, Атланта, Жаңа Орлеан, Финикс, Даллас, Сан Хосе, Джэксонвилл | ||||
Үкімет түрі | Федеративті президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті Өкілдер палатасының спикері Жоғарғы Сот төрағасы |
Джо Байден Камала Харрис Майк Джонсон[2] Джон Гловер Робертс | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 4- орын 9 833 520[3] км² 6,97 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
327 167 434[4] адам (3-) 308 745 538[5] адам 85 адам/км² (179-) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
20,891 трлн.[6] $ (2-) 62,518[7] $ (11-) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
20,891 трлн.[6] $ (1-) 62,518[7] $ (7-) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,924[8] (өте жоғары) (13-) | ||||
Этнохороним | америкалық, америкалықтар | ||||
Валютасы | АҚШ доллары (USD, $, коды 840) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | US | ||||
ХОК коды | USA | ||||
Телефон коды | +1 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC–4:00-ден UTC–12:00-ге дейін; +10, +11 |
Close
Халық саны — 329 млн адам (2019 санағы, әлем бойынша 3-орында). Астанасы — Вашингтон. Тұрғын саны бойынша ірі қалалары: Нью-Йорк, Чикаго, Лос Анжелес, Сан-Франциско, Филадельфия, Детройт, Бостон, Хьюстон, Вашингтон, Даллас, Питтсбург, Балтимор, Сиэтл. Халықтың 66%-ы — протестанттар, 26%-ға жуығы — католиктер. Үкімет пен мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы орган – палата мен сенат өкілдерінен тұратын екі палаталы парламент (конгресс).