Бостандық ауданы (Өзбекстан)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Бостандық ауданы (өзб. Boʻstonliq tumani, Бўстонлиқ тумани) — Өзбекстанның Ташкент облысының солтүстік-шығысындағы әкімшілік бірлігі. Әкімшілік орталығы – Ғазалкент қаласы. Солтүстігінде Қаржан тауы арқылы Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт ауданымен, шығысында Қырғызстанның Талас облысымен, оңтүстік-шығысында Өзбекстан Республикасының Наманган облысының Поп ауданымен, солтүстік-батысында Ташкент облысының Қибрай ауданымен, оңтүстігінде Жоғары Шыршық, Паркент, Охангарон аудандарымен шектеседі.
Аудан | |
Бостандық ауданы | |
өзб. Boʻstonliq tumani, Бўстонлиқ тумани | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Кіреді | |
Әкімшілік орталығы |
Ғазалкент |
Тарихы мен географиясы | |
Құрылған уақыты |
1963 жылы |
Жер аумағы |
4,94 км² |
Биіктігі · Ең биік |
|
Уақыт белдеуі |
UTC+5 |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
142,9 мың адам (2000) |
Ұлттық құрамы |
өзбек, қазақ, тәжік, орыс, украин, т.б. |
Ресми тілі |
Өзбек (қазақ тілі де кеңінен тараған) |
Телефон коды |
+998 |
Автомобиль коды |
10-19 |
Бұл аудан Тянь-Шаньның ықпалындағы таулы өлкеде орналасқан. Бостандық ауданы өзінің экономикалық жаңғыруын 1963 жылғы өзінің территориясында Шарбақ СЭС-інің құрылысының басталуымен байланыстырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Бостандық ауданының территориясында Ташкент пен Өзбекстанның басқа да қалаларының тұрғындары үшін санаториялары және басқа да демалыс орындарымен танымал. Бұлар: Шымған, Шарбақ, Шарбақ су қоймасы, Бричмулла, Құмсан.