Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы — Біріккен Ұлттар Ұйымы Хатшылығының күнделікті жұмысына басшылық жасайтын лауазым иесі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Secrétaire Général des Nations Unies Secretaría General de las Naciones Unidas أمين عام الأمم المتحدة 联合国秘书长 Генеральный секретарь ООН سیکٹری جنرل اقوامِ متحدہ | |
БҰҰ эмблемасы | |
Басшылық етеді |
БҰҰ Секретариаты |
---|---|
Ресми резиденциясы |
Саттон-плейс, Нью-Йорк |
Лауазым пайда болды |
24 қазан, 1945 |
Лауазымдағы алғашқы қызметші |
Глэдвин Джебб (уақытша хатшы ретінде) |
Сайлаушы | |
Ұсынушы |
БҰҰ Бас хатшысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысымен, БҰҰ Бас Ассамблеясы 5 жыл мерзімге тағайындайды. Мерзім тағы да 5 жылға созылуы мүмкін. Бас хатшысы жыл сайын Бас Ассамблеяда БҰҰ-ның әр саладағы қызметі туралы баяндама жасайды, БҰҰ шеңберінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияларға қатысады. Ол әкімшілік қызметімен және күнделікті жұмыстарды басқарумен қатар, БҰҰ-ның басқа да органдарының шешімдерінің орындалуын қадағалайды, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіретін кез келген мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің назарына қояды, мемлекеттер арасындағы шиеліністерді шешудің бейбіт жолдарын ұсынады.