Географиялық карта
From Wikipedia, the free encyclopedia
Географиялық карта — Жер бетінің кішірейтіліп, жинақы түрде жазықтықта шартты белгілермен бейнеленуі.[1]
Бұлайша көрсетілген географиялық карта Жердің географиялық қабығындағы табиғат және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың арасындағы әр түрлі жағдайдағы байланыстардың бір-бірімен ұштасуы мен олардың қандай мақсатқа арналатыны ескеріліп, осы тұрғыдан іріктелініп алынғанын көрсетеді. Географиялық карта Жердің географиялық қабығының кеңістіктегі ерекше модельдік бейнесі ретінде көруге болады.