Гепадновирустар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Гепадновирустар — бөлек тұқымдас болады деген болжам айтылып жүрген вирустар тобы. Оларға адам В гепатитінің вирусы, орман суырының, қызыл және жер тиындарының, пекин үйрегі гепатитінің вирустары енеді. Вириондарының диаметрі 42—45 нм, пішіні шар тәріздес. В гепатитінің вирионының (Дейін бөлшектері) құрамында қалыңдығы 2 нм мембранамен қоршалған қос жіпті сақиналы ДНҚ бар. Вирус құрамында 3 түрлі антиген бар: сыртқы (НВЗА), ішкі (НВсА) және ауру туғызатын қасиеттерімен байланысты антиген (НВеАд). В гепатитінің вирусы тамақ немесе нәжіс арқылы жұқпайды.[1]