Декларация
From Wikipedia, the free encyclopedia
Декларация (лат. declaratio - мәлімдеу, хабарлау) — мемлекеттер белгілі бір түрде әрекет етуге келіскен құжат. Егер бұзушылық болса, БҰҰ егер бұл декларация болса, мүше мемлекеттерге қарсы әрекет жасай алмайды. Декларацияның заңды күші болмайды.
- Мемлекеттік саясат пен құқықтық, халықаралық қарым-қатынастардың негізгі принциптерін салтанатты түрде жариялайтын құжат;
- Елдің саяси-экономикалық даму принциптерін мәлімдейтін мемлекеттік құжат (Мысалы, 1990 жылы 25 қазанда жарияланған Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы);
- Халықаралық саясаттың өзекті мәселелері бойынша бірнеше мемлекет немесе халықаралық ұйым қабылдайтын құжаттың түрі (мысалы,БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылы 10 желтоқсандағы Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей Декларациясы);[1]
- Заңдық мәні бар мәліметтерді хабарлайтын кейбір ресми құжаттар (мысалы, салық декларациясы, кеден декларациясы).[2][3]
- жекелеген саяси-заңдық актілердің атауы, олардың мақсаты салтанатты сипат беру, актілердің сәйкес мемлекет тағдырындағы ерекше маңызы бар екендігін атап көрсету;
- халықаралық құқықта жақтармен келісілген жалпы принциптер мен мақсаттарды құрайтын салтанатты акт, негізінен міндетті күші болмайды.[4]