Дели
From Wikipedia, the free encyclopedia
Дели (хинди दिल्ली; ағылш. Delhi; урду: دلّی) — Үндістан астанасы, Мумбаидан кейінгі екінші мегаполис. Делиде халық өте тығыз. Ауылдық жерлерден келген жұмыс қолдарын есептемегенде, ресми түрде 15 миллион адам өмір сүріп жатыр. Аумағы 1484 шаршы шақырым болатын Үндістанның астанасы Дели қаласы Инд пен Ганг өзендері суарып жатқан алып алқапқа орналасқан. Бұл жерде қаншама қала тұрғызылып, қаншасы жермен-жексен жоқ болды дейсің. Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Дели бұрынғы жеті қаланың орнын алып жатыр. Солардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ ғасырда салынған Махабхарата үнді эпопеясында баяндалады. 1192 жылы ауған легионы басып алып, осы өңірде сұлтанат құрған. Сұлтанатты 1398 жылы Ақсақ Темір келіп шапты. Оның Бабыр сұлтан бастаған ұрпақтары бірнеше ғасыр бойы үстемдік жүргізді. Сөйтіп, Ганг өзенінің саласы Жамуна өзенінің жағалауына салынған Агра бекінісіне ту тігіп, 1526 жылы Ұлы Моғолстан мемлекеті құрылды. Әндіжаннан шыққан Бабырдың ұрпақтары – Ғумайын, Әкбар, Жаһангер, Жақан осы өңірге биліктерін жүргізді. Әлемдегі жеті кереметтің бірі – Тәж Махалды салдырған Жақан шах 1638 жылы ескі Делидің іргетасын қалатып, үлкен шаһарға айналдырды. Бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған ескі Делидің қорғандары әлемдік тарихи мұраға жатады. XVІІ-XІX ғасырлардағы ескі Дели Үндістандағы мұсылман орталығы болған. 1911 жылы сол кезде әмірін жүргізіп тұрған ағылшын үкіметі Үндістан астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Сол кезде ағылшын мәнеріндегі Жаңа Дели бой көтерген. Қызыл құмнан жасалған күйдірілген кірпіштен салынған сол кездегі үйлер қазірге дейін қаланың көркін кіргізіп тұр.
Қала | |
Нью-Дели | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел |
ҮндістанҮндістан |
Статусы |
Астана |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
28°42′ с. е. 77°12′ ш. б.28.700° с. е. 77.200° ш. б. / 28.700; 77.200 (G) (O) (Я) |
Жер аумағы |
42,7 км² |
Орталығының биiктігі |
216 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
11 007 835 адам (2011) |
Тығыздығы |
3 886 адам/км² |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+91 11 |
Пошта индексі |
110 xxx |
ndmc.gov.in (ағыл.) | |
Ортаққордағы санаты: Нью-Дели |