Е дәрумені
From Wikipedia, the free encyclopedia
Е дәрумені (токоферол) — ағзаның зат алмасу үдерісіне және көбеюіне әсер етеді. Бұл витамин жетіспеген жағдайда әйел бедеулікке ұшырауы мүмкін, кейде қаңқаның бұлшықеттері қатая бастайды. Е витамині көкөністерде, астық тұқымдастардың дәнінде, өсімдік майында және жұмыртқада кездеседі. Адам ағзасы үшін қажетті тәуліктік мөлшері 10-12 мг.