Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев — (8 шілде 1958, Қайнар ауылы, Алғабас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР) - қазақ мемлекет қайраткері, дипломат, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Төтенше және Өкілетті Елші. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры. Ұлы жүздің ысты руының тумасы.
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев | ||||||||||||
Лауазымы | ||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||
20 маусым 2018 — 26 ақпан 2019 | ||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||
Ізбасары | Өмірзақ Шөкеев | |||||||||||
| ||||||||||||
7 қазан 2016 — 20 маусым 2018 | ||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||
Ізашары | Бейбіт Атамқұлов | |||||||||||
Ізбасары | өзі, Түркістан облысының әкімі ретінде | |||||||||||
| ||||||||||||
19 қаңтар 2007 — 22 қыркүйек 2010 | ||||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев | |||||||||||
Премьер-Министр | Кәрім Мәсімов | |||||||||||
Ізашары | Бірғаным Әйтімова | |||||||||||
Ізбасары | Бақытжан Жұмағұлов | |||||||||||
Өмірбаяны | ||||||||||||
Партиясы | «Нұр Отан» ХДП | |||||||||||
Білімі | 1. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті 2. Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университеті | |||||||||||
Ғылыми дәрежесі | филология ғылымдарының докторы, профессор | |||||||||||
Мамандығы | Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі: Ресей 2006—2007 Түркия 2010—2016 Албания 2011—2016 | |||||||||||
Дүниеге келуі | 8 шілде 1958 (1958-07-08) (65 жас) Қайнар ауылы, Алғабас ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақ КСР | |||||||||||
Марапаттары |
| |||||||||||
өңдеу |
Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев 1958-жылы 8-шілдеде сол кездегі Шымкент облысының Алғабас ауданына (қазіргі Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы) қарасты Қайнар ауылында, көпбалалы отбасында өмірге келген.
Ж.Түймебаевтың әкесі Қансейіт Түймебаев кезінде Алғабас және Созақ аудандарында партия ұйымының хатшысы қызметін атқарған. Ол кісі құдай қосқан қосағы Ұлмекен Жаманқұлқызымен отбасында 4 ұл, 8 қыз тәрбиелеп өсірген.
Қансейіт Түймебаевтың үлкен ұлы Байсейіт кезінде Маңғыстау облысында жауапты қызметтер атқарған, кейін Шымкент облыстық, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдіктерінде еңбек еткен. Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау департаментін басқарған. Бәйдібек ауданының әкімі болған.
Ж.Түймебаевтың туған інісі Имангелді бүгінде аймақтық басқармалардың бірінде жауапты қызмет атқарады. Оған дейін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары болған.
Жансейіт Түймебаев жұбайы Жанат Еңсебаевамен бірге Елдана және Елнар есімді ұл-қыздар өсірген. Кей деректерге қарағанда, Ж.Еңсебаева өнер галереясының директоры болып істейді, кезінде ол Түркиядағы елшілікпен бірігіп, қазақстандық үздік суретшілердің «Заманауи қазақ өнері» атты көрмесін өткізген.
Ж.Түймебаев бала кезінде Шымкенттегі №12 мектеп-интернатта оқыған. Оны алтын медалмен бітірген. Оның математика пәніне қабілеті жоғары болыпты. Ол кейін Қазақ Мемлекеттік университетін, Мәскеу Мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Бүгінде филология ғылымдарының докторы, профессор, 2-сыныпты елші дипломатиялық дәрежесінің иегері. Ол кісі – 30-дан астам ғылыми-танымдық кітаптардың авторы.
Ж.Түймебаев кезінде Қазақ Мемлекеттік университетінде еңбек еткен. 1993-жылдан бастап Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтер атқарған, Қазақстанның Стамбул қаласындағы консулдығын, Қазақстан Президентінің Протоколын басқарған, Президенттің кеңесшісі болған. Білім және ғылым министрі болған. Ресейдегі, Түркиядағы, Албаниядағы Төтенше және Өкілетті елші қызметтерін атқарған.[1]