Жердің су теңдестігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жердің су теңдестігі — белгілі бір уақыт кезеңінде жер бетіндегі кіріс (атмосфералық жауын-шашын, өзен ағыны) пен шығынның (булануы) сандық сипаттамасы. Тұтас алғанда жердің және оның ірі бөліктерінің су тендестігі жөніндегі ең толық және анық мәліметтерді М.И.Львович жасады (1986). Әлемдік мұхитқа судың келуімен, атмосфералық жауын-шашынмен, құрлықтың шеткі аймақ бөліктерінен ағып келетін өзен суымен байланысты. Ал мұхит бетінен судың булануының жылдық мөлшері 455 мың км3 болғанда, 1260 мм-ге жетеді. Тұтас алғанда бүкіл жер шарына судың келуінің негізі біреу — атмосфералық жауын-шашын және су шығынының да негізі біреу — жылына 1030 мм-ді құрайтын булану (немесе 525 мың км3).[1][2]