Жылқы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жылқы (лат. Equus ferus caballus) – тақтұяқтылар отрядының бір тұқымдасы.
Quick Facts Үй жылқысы, Амандық күйі ...
Үй жылқысы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||||||||
Үй жануары
| ||||||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Үш-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Equus ferus caballus Карл Линней, 1758[1] | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
Close
Жылқы адамзат өркениетіндегі, әсіресе, дала өркениетіндегі дамудың жарқын да елеулі көрсеткіштерінің бірі болады. Жылқыны қолға үйрете бастау көшпелі шаруашылық пен өркениет дамуының негізін қалады. Қолға үйретілген жылқының (E. caballus) шаруашылықта маңызы зор. Ол – ет және қымыз өндіру, салт міну, арбаға не шанаға жегу, әскери және спорттық бағыттарда өсіріледі.