Иезуиттер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Иезуиттер – Парижде құрылған католик монахтарының ордені (1534).
Рим папасы Павел ІІІ оны “Иисус қоғамы” деген атпен 1540 жылы бекіткен. Иезуиттер ордені – бір орталықтан басқарылатын, қатал тәртіпке негізделген, басшыларға сөзсіз бас июді талап ететін діни ұйым. Олар басқа монахтарша монастырларда тұрмайды, қайта қоғамдық өмірдің барлық салаларына белсене араласуды көздейді.[1]