Ирак
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ирак (араб.: العراق, күрд عێراق), ресми атауы – Ирак Республикасы (араб.: جمهورية العراق, күрд کۆماری عێراق) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км². Халқы 41, 605 млн. адам (2017).
Ирак Республикасы араб.: جمهورية العراق Джумхурият аль-Ирак күрд کۆماری عێراق Комари Эрак | |||||
| |||||
Ұран: «Аллаху акбар (الله أكبر)» | |||||
Әнұран: «Менің отаным» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 3 қазан 1932 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | араб тілі және күрд тілі | ||||
Елорда | Бағдат | ||||
Ірі қалалары | Бағдат, Мосул, Басра, Сулеймания, Эрбиль, Киркук | ||||
Үкімет түрі | Федеративті парламенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті Премьер-министрі Кеңестер өкілдері спикері |
Бархам Салех Нури Аль-Малики Айяд Аллауи Осама ан-Наджейфи Адиль Абдул-Махди Салим аль-Джабури | ||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 58-ші орын 437 072 км² 1,1 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы |
37 202 572 адам (36-шы) 82,7 адам/км² (125-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
733,926 млрд.[1] $ (34-ші) 17,952[1] $ (76-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
250,070 млрд.[1] $ (48-ші) 6,116[1] $ (97-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,685[2] (орташа) (120-шы) | ||||
Валютасы | Ирак динары | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .iq | ||||
ISO коды | IQ | ||||
ХОК коды | IRQ | ||||
Телефон коды | +964 | ||||
Уақыт белдеулері | +3 |
Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — күрдтер, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997).
Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдат қ. (3 млн-нан астам).
1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.