Кипр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Кипр (гр. Κύπρος, түр. Kіbrіs), Кипр Республикасы (гр. Κυπριακή Δημοκρατία, түр. Kıbrıs Cumhurіyetі) — Батыс Азияда, Жерорта теңізінің шығыс бөлігінде өзі аттас аралда құрылған мемлекет. 1974 жылдан бері 2 бөлікке бөлінген. Жалпы жер көлемі – 9251 км². Халқы – 754 мың (1999). Оның 180 мыңнан астамы Солтүстік Кипр Түрік Республикасында тұрады. Жалпы арал тұрғындарының 78%-ы – гректер, 18%-ы – түріктер, қалғандары басқа халықтар. Ресми тілдері: грек және түрік тілдері. Халқы ислам дінін және христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Астанасы – Никосия қаласы 1960 ж. қабылданған конституциясы бойынша, Кипр екі этникалық мемлекет құрылымнан тұруға тиісті болды. Ел президентін аралдың грек тұрғындары, ал вице-президентін түріктер өздері сайлауға міндеттенді. Президент пен вице-президент өздеріне тікелей бағынатын Министрлер Кеңесін құруға құқылы болды. Заң шығарушы органда да екі этникалық топқа жеке-жеке бөлек орындар берілді. Бірақ, екі этникалық топтар арасындағы қақтығыстардың нәтижесінде, түріктер 1963 жылдың желтоқсан айынан сайлауға қатыспай, 1989 ж. 15 қарашада дербес Солтүстік Қыбыр түрік республикасын құрды.
Кипр Республикасы гр. Κυπριακή Δημοκρατία түр. Kıbrıs Cumhuriyeti | |||||
| |||||
Әнұран: «Бостандық туралы әнұран» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 16 тамыз 1960 жыл (Ұлыбританиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | грек және түрік тілдері[1] | ||||
Елорда | Никосия | ||||
Ірі қалалары | Никосия, Лимасол | ||||
Үкімет түрі | Унитарлы президенттік конституциялық республика | ||||
Президенті | Никос Анастасиадис | ||||
Мемлекеттік діні | Зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 162-ші орын 9 251 км² 9 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
1 170 125 адам (158-ші) 838 897[2] адам 123,4 адам/км² (82-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
35,970 млрд.[3] $ (126-шы) 41,572[3] $ (35-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
24,996 млрд.[3] $ (114-ші) 28,888[3] $ (33-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,869[4] (өте жоғары) (32-ші) | ||||
Этнохороним | кипрлік, кипрліктер | ||||
Валютасы | Еуро (EUR, код 978) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .cy | ||||
ISO коды | CY | ||||
ХОК коды | CYP | ||||
Телефон коды | +357 | ||||
Уақыт белдеулері | +2 (жазда +3) |