Конфедерациялар кубогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Конфедерациялар кубогы (ағылш. FIFA Confederations Cup) — футболдан әлем чемпионатына дейін бір жыл бұрын чемпионатты ұйымдастырушы елде ФИФА қамқорлығы аясында 1992-2017 жылдар аралғында ұйымдастырылған ұлттық құрамалар арасындағы футбол жарысы.
Конфедерациялар кубогы | |
FIFA Confederations Cup | |
Қаланған |
1992 |
---|---|
Таратылған |
2019 |
Командалар саны |
8 |
Әрекеттегі чемпион | |
Атағы ең көп |
Бразилия (4) |
Сайт | |
Конфедерациялар кубогы 2017 |
Кубокта әр алты континент чемпионаттарының жеңімпаздары қатысады. Олар УЕФА, КОНМЕБОЛ, КОНКАКАФ, АФК, ФАК, ОФК конфедерация чемпионаттарының жеңімпаздары, әлем чемпионаты жеңімпазы және жарыс өткізілетін мелекет командасы. Сонымен кубокта сегіз команда қатысады.
Әлем чемпионы континентальды чемпионаттың жеңімпазы атанған кезде, жарысқа континентальды чемпионат финалында қатысқан команда шақырылады.
Конфедерациялар кубогы 1992 және 1995 жылдары Сауд Арабиясыда ұқсас үлгіде өткен Фахд падиша кубогы жарысынан пайда болған. 1997 жылы ФИФА бірінші ресми кубок ұйымдастырып, оның екі жылда бір рет өткізілуін бекітті. 2005 жылдан бастап кубок төрт жылда бір рет әлем чемпионатын ұйымдастырушы елде чемпионатқа дейін бір жыл бұрын өткізіле басталды. Сонымен Конфедерациялар кубогы әлем чемпионатының алдындағы өзіндік дайындық болып табылады.
2003 жылы кубок уағында бір қайғылы жағдай орын алды. Жартылай финал матчы кезінде Колумбияға қарсы ойнаған камерундық футболшы Марк-Вивьен Фоэ ұстамалы жүрек ауруынан қайтыс болды.
Конфедерациялар кубогы турнирінің тарихында оның жеңімпазы болып келесі 5 құрама атанды:Аргентина, Дания, Бразилия, Мексика және Франция. Әрекеттегі кубок иегері үйінде өткен Конфедерациялар кубогы 2013 титулын жеңіп алған Бразилия ұлттық құрамасы болып табылады.