Люксембург
From Wikipedia, the free encyclopedia
Люксембург (люксемб. -{Lëtzebuerg}-, фр. Luxembourg, нем. Luxemburg), ресми — Ұлы Люксембург Герцогтігі (люксемб. -{Groussherzogtum Lëtzebuerg}-, фр. Grand-Duché de Luxembourg, нем. Großherzogtum Luxemburg) — Батыс Еуропадағы мемлекет. Жер аумағы 2,58 мың км². Халқы 620 881 мың (2020), 94%-ын Люксембургтің байырғы тұрғындары, 15%-ын португалдар, 5%-ын италиялықтар, т.б. құрайды. Астанасы — Люксембург қаласы Әкімшілік жағынан 3 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілдері — француз, неміс тілдері. Халқының көпшілігі христиан — католиктер. Люксембург — конституциялы-монархиялы мемлекет. Мемлекет басшысы — Люксембург ұлы герцогі. Жоғарғы заң шығарушы органы — парламент (депутаттар палатасы). Ақша бірлігі — еуро (2002).
Ұлы Люксембург Герцогтігі люксемб. -{Groussherzogtum Lëtzebuerg}- фр. Grand-Duché de Luxembourg нем. Großherzogtum Luxemburg | |||||
| |||||
Ұран: «Mir wëlle bleiwe wat mir sinn» | |||||
Әнұран: «Ons Hémécht (Біздің Отанымыз)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 9 маусым 1815 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | люксембург, француз, неміс тілдері | ||||
Елорда | Люксембург | ||||
Ірі қалалары | Люксембург | ||||
Үкімет түрі | Конституциоялық монархия | ||||
Ұлы Герцог Премьер-министрі |
Анри Ксавье Беттель | ||||
Мемлекеттік діні | католицизм | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 167-ші орын 2 586,4 км² 0,60 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2001) • Тығыздығы |
▲ 613,894[1] адам (164-ші) 439,539 адам 233,7 адам/км² (58-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
70,926 млрд.[2] $ (94-ші) 114,825[2] $ (2-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
77,436 млрд.[2] $ (71-ші) 125,364[2] $ (1-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,909[3] (өте жоғары) (21-ші) | ||||
Этнохороним | Люксембурктер | ||||
Валютасы | еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .lu, .eu | ||||
ISO коды | LUX | ||||
ХОК коды | LUX | ||||
Телефон коды | +352 | ||||
Уақыт белдеулері | +1 |
Люксембургтың солтүстігінде Ардени және Рейн тақта тасты тауларының сілемдері орналасқан, оңтүстігі қыратты жазық. Климаты қоңыржай, теңіздік. Жылдық орташа температурасы қаңтарда 0 — 2ӘС, шілдеде 17ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 700 — 800 мм. Өзені көп жерінің 1/3-не жуығын орман алып жатыр. Люксембург Рим империясы тұсында Бельгика — Прима провинциясының, ал кейіннен Франк корольдігінің құрамына кірді. 10 ғасырдан Люксембург графтығының құрамында болып, 14 ғасырдан Люксембург герцогтығына қарады, 15 ғасырда Нидерландның 17 провинциясының біріне айналды. 16 ғасырда Нидерланд революциясынан кейін Люксембург Испаниялық Нидерландтың (1714 жылдан Австрия Нидерланд) құрамында қалды. 1794 ж. Австрия үстемдігі жойылып, Люксембург Францияның құрамына кірді. Вена конгресінің (1814 — 1815) шешімі бойынша, Люксембург өлы герцогтігі құрылды. Ол Герман одағына кіріп, Нидерланд корольдігімен дербес унияда болды. Люксембургтің қазіргі шекаралары 1839 ж. Бельгия — Нидерланд шарты бойынша белгіленген. Лондон конференциясында (1867) Люксембург “мәңгі бейтарап мемлекет” болып жарияланды. 1948 ж. конституциядағы бейтараптық жөніндегі бап алынып тасталды. Люксембург — өнеркәсібі дамыған ел. Электроника өндірісі, химия өнеркәсібі, цемент, тоқыма кәсіпорындары бар. Экспортқа химия, металлургия өнімдерін, тағамдар мен киім-кешек шығарады, сырттан астық, металл, мұнай, көмір, т.б. әкеледі. Туризм дамыған. Мал, егін, жүзім ш., шарап жасау жақсы дамыған. Люксембург БҰҰ-на (1945), Еуропа Одаққа (1957), т.б. халықаралық ұйымдарға мүшелік өлттық табысы жылына әр адамға шаққанда 34400 доллар шамасында.