Мавритания
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мавритания (араб.: موريتانيا – «әл-Муритания» ), толық атауы Мавритания Ислам Республикасы (араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية – «әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания») — Батыс Африкадағы мемлекет. Жер аумағы 1,03 млн км². Халқы - 3 359 185 адам (2012 ж.). Негізгі тұрғындары маврлар (80%), оған қоса волоф, тукепер, зенага сонинк, т.б. халықтар тұрады. Астанасы — Нуакшот қаласы. Ресми тілі — араб тілі. Діни сенімдері бойынша ислам сүнниттері. Конституциясы бойынша елді президент басқарады (1997 жылдан Мауйя Ульд Сид Ахмед Тайя). Заң шығарушы органы — екі палаталы парламент — Сенат пен ұлттық жиналыс. Ұлттық мерекесі — 28 қараша — Тәуелсіздік күні (1960). Ақша өлшемі — угия.
Мавритания Исламдық Республикасы араб.: الجمهورية الإسلامية الموريتانية (әл-Джумхурия әл-Исламия әл-Муритания) фр. République Islamique de Mauritanie | |||||
| |||||
Ұран: «Honneur, Fraternité, Justice» | |||||
Мавритания мемлекеттік әнұраны | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 28 қараша 1960 жыл (Франциядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | араб тілі | ||||
Елорда | Нуакшот | ||||
Ірі қаласы | Нуакшот | ||||
Үкімет түрі | Президенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Мохаммед ульд Абдель Азиз Мохамед Салем Ульд Бечир | ||||
Мемлекеттік діні | ислам | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 28-ші орын 1 030 000 км² 0,03 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2013) • Тығыздығы |
▲ 4 301 018 адам 3 537 368 адам 3,4 адам/км² | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
18,117 млрд.[1] $ (134-ші) 4,563[1] $ (140-шы) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
5,200 млрд.[1] $ (154-ші) 1,309[1] $ (149-шы) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,520[2] (төмен) (159-шы) | ||||
Валютасы | угия | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .mr | ||||
ISO коды | MR | ||||
ХОК коды | MTN | ||||
Телефон коды | +222 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC±00:00 және Africa/Nouakchott |
Әкімш. жағынан 12 ауданға бөлінеді. 1961 жылдан БҰҰ-на, 1963 жылдан Африка Бірлігі ұйымына (АБө) мүше.