Магистр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Магистр (лат. magister - ұстаз, тәлімгер) - жоғары кәсіби білімінің үшінші сатысы. Ол негізгі білім беру бағдарламаларын меңгерген және қорытынды аттестацияны сәтті тапсырған адамдарға беріледі. Жоғары оқу орындарында берілетін екінші академиялық дәреже. Университет немесе оған теңестірілген жоғары оқу орнын бітіріп, бакалавр дәрежесін алған соң, екі жыл қосымша курстан өтіп, ғылым саласы бойынша диссертация қорғағандарға магистр ғылыми дәрежесі беріледі.[1]