Мэнни Пакьяо
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эммануэль Дапидран «Мэнни» Пакьяо (ағылш. Emmanuel Dapidran "Manny" Pacquiao) 17 желтоқсан 1978 жыл, Кибаве, Букиднон провинциясы, Филиппинде дүниеге келген) — филиппиндық кәсіпқой боксшы. Жартылай орта салмақта өнер көрсетеді.
Мэнни Пакьяо | |
Manny Pacquiao | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Толық есімі |
Эммануэль Дапидеран Пакьяо (ағылш. Emmanuel Dapidran Pacquiao) |
Лақап аты |
Пак-мен (ағылш. Pac-Man) |
Азаматтығы | |
Туған күні |
17 желтоқсан 1978 (1978-12-17) (45 жас) |
Туған жері |
Кибаве, Букиднон, Филиппин |
Тұрғылықты жері |
Дженерал-Сантос, Филиппин |
Салмағы |
Бірінші орта (69,91 кг дейін) |
Тұрысы |
солқай |
Бойы |
169 |
Қолдың қарқыны |
170 |
Бапкері |
Фредди Роуч |
Кәсіби карьерасы | |
Алғашқы айқасы | |
Соңғы айқасы | |
Айқастар саны |
65 |
Жеңгендер саны |
57 |
Нокаутпен жеңгені |
38 |
Жеңілгендер саны |
5 |
Тең түскендері |
2 |
Аса жеңіл (WBC тұжырымы, 1998—1999), 2-жеңілдеу (IBF тұжырымы, 2001—2003; WBO тұжырымы, 2001) және 2-жартылай жеңіл салмақ (WBC тұжырымы, 2008—2009), жеңіл (WBC, 2008-2009), 1-жартылай жеңіл (IBO, 2009), жартылай орта (WBO, 2009—2012, 2014—қ.у.), және 1-орта (WBC, 2010-2011) салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы. «2006 жыл боксшысы» және «2008 жыл боксшысы», «2009 жыл боксшысы», бокс жайлы жазатын журналисттердің Ассоциациясының нұсқасы бойынша «Онжылдықтың боксшысы». 2009 жылы Американдық спорт академиясының тұжырымы бойынша үздік спортшы атанды. Лақап аты — «Pac-Man». Мансабын ең кіші салмақ дәрежесінде бастаған. Пакьяо өнер көрсеткен минималды және максималды салмақ дәрежесінің арасы 12 салмақ дәрежесін құрайды.