Навахо
From Wikipedia, the free encyclopedia
Навахо (өзінше атауы - дене, дине, навахо тілінде - diné, навахо тұратын жердің өзінше атауы - Динета) солтүстік америкалық үндістер тайпасы, Нью-Мексико штатының солтүстік-батыс бөлігінде; Аризона мен АҚШ-тағы Юта штатының оңтүстік-шығыс бөлігінде өмір сүреді. Олар апачи тіліне туыстас атабаск тобының тілінде сөйлейді.
Дине (Diné) | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
311 мың адам (2015) | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
навахо, ағылшын | |
Діні | |
пейотизм, христиандық, анимизм |
Навахоның дәстүрлі үйі - хоган. Әйелдер мен ерлердің тұрғын үйлері бір-бірімен ерекшеленеді. Екеуі де ағаштан жасалған және балшықпен сыланған, жер бетіне сырғауылмен бекітілген. Таңертең есік жақта күн жарқырасын деп тұрғын үй кіре берісі әрдайым шығысқа бағытталған.
Навахоның дәстүрлі сенімдері адам өмірі мен табиғат арасындағы тепе-теңдік идеясында. Адам өміріндегі үйлесімділік идеялары Hózhóójí деп аталады. Дене халықтарының сенімі бойынша жер бетіндегі және қасиетті адамдар бар. Сонымен қатар, навахолардың пайымдауынша, Жерге келгенге дейін олар басқа үш әлемді бастан өткереді, ал Жер «төртінші» болып саналады.