Осман империясы
Таяу Шығыс, Солтүстік Африка мен Балкан түбегінде орын тепкен тарихи мемлекет / From Wikipedia, the free encyclopedia
Осман империясы (осман. دولت علیه عثمانیه — Devlet-i Âliyye-i Osmâniyye, Ұлы Осман мемлекеті) — Еуропа, Азия және Африка құрлықтарында орналасқан ортағасырлық көпұлтты мемлекет.
Осман империясы دولت علیه عثمانیه Империя | |||||||||
| |||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||
Ұраны Мәңгілік ел دولت ابد مدت — Devlet-i Ebed-müddet | |||||||||
1683 жылғы Ұлы Османлы Мемлекеті | |||||||||
Астанасы | Сөгүт (1299-1326) Бурса (1326-1365) Эдирне (1365-1453) Константиние (1453-1922) | ||||||||
Ірі қалалары | Қаһира Александрия Бағдат Дамаск Мекке | ||||||||
Тіл(дер)і | Османлы тілі | ||||||||
Діні | Ислам | ||||||||
Ақша бірлігі | ақша, құрыш, сұлтани, лира | ||||||||
Аумағы | 5 200 000 км² (1683) | ||||||||
Халқы | 35 350 000 адам (1856) | ||||||||
Басқару формасы | Монархия | ||||||||
Династиясы | Османлы әулеті | ||||||||
Сұлтан | |||||||||
- 1299-1326 | I Осман | ||||||||
- 1451-1481 | II Мехмет | ||||||||
- 1512-1520 | I Сәлім | ||||||||
- 1520-1566 | I Сүлеймен | ||||||||
- 1918-1922 | VI Мехмет | ||||||||
Садрағзам | |||||||||
- 1320-1331 | Алаеддин паша | ||||||||
- 1523-1536 | Паргалы Ибраһим паша | ||||||||
- 1565-1579 | Соколлы Мехмет паша | ||||||||
- 1656-1661 | Көпрүлі Мехмет паша | ||||||||
- 1920-1922 | Ахмет Тәупік паша | ||||||||
Мирасқорлық | |||||||||
← Салжұқ сұлтандығы ← Шығыс Рим империясы ← Трапезунд империясы ← Екінші Бұлғар патшалығы ← Серб деспоттығы ← Мәмлүк сұлтандығы ← Мажарстан патшалығы ← Испаниядағы Алжир мен Тунис Түркия → Бірінші Грек республикасы → Мысыр сұлтандығы → Сербия патшалығы → Албанияның уақытша үкіметі → Румыния патшалығы → |
Мемлекет XV-XVII ғасырларда үш құрлыққа (Еуропа, Азия, Африка) жайылып, оңтүстік-шығыс Еуропа, Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың басым бөлігін билеген; батыстағы Марокконың Атлант жағалауынан шығыстағы Парсы шығанағының жағалауына дейін, солтүстіктегі Украинадан оңтүстіктегі Сомалиға дейінгі аймақты қамтып жатқан[1].
Бұл мемлекет алты ғасыр бойы Батыс пен Шығыстың қарым-қатынас жасасуының бел ортасында болып келді. Құдіретінің шарықтау шыңында Османлы мемлекеті 42 уәлияттардан тұрып, оған бағынышты Валахия, Молдова және Трансильвания князьдіктері Османлы мемлекетіне алым-салық төлеп отырды. Бүгін Ыстамбұл (түр. İstanbul) деген атпен белгілі Константиние (осман. قسطنطينيه — Konstantîniyye) қаласын өзінің елордасына айналдырған Османлы мемлекетін көп жағынан бұрынғы жерортатеңіздік өркениеттердің, атап айтқанда Рим империясының және Шығыс Рим империясының ислами мұрагері деп атауға болады. Османлылар да өздерін Ежелгі Рим мен Ислам мәдениетінің жалғастырушылары деп, яғни «мәдениеттердің бірігуі» арқылы «бүкіләлемдік мемлекеттің» билеушілері ретінде қарастырды[2].