Панама
From Wikipedia, the free encyclopedia
Панама, Панама Республикасы (ис. República de Panamá [re̞ˈpuβ̞lika ð̞e̞ panaˈma]) — Орталық Америкадағы Панама мойнағында орналасқан мемлекет. Жерінің аумағы 77,1 мың км². Халқы 3,4 млн. (Қазіргі уақытта 4,3 млн адам тұрады) (2010). Халқы негізінен метистер (60%), байырғы тұрғындары – үндістер. Олардан басқа көрші елдерден қоныс аударғандар, қытайлықтар тұрады.
- Астанасы – Панама қаласы.
- Ресми тілі – испан тілі.
- Халқының көпшілігі христиан-католиктер.
- Мемлекет және үкімет басшысы президент.
- Жоғарғы заң шығарушы органы – бір палаталы ассамблея.
- Әкімшілік жағынан 9 провинция мен арнайы аумаққа бөлінеді.
- Ақша бірлігі – бальбоа
Панама Республикасы República de Panamá | |||||
| |||||
Ұран: «Pro Mundi Beneficio» | |||||
Әнұран: «Himno Istmeño» | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 3 қараша 1903 жыл (Колумбиядан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | испан тілі | ||||
Елорда | Панама | ||||
Ірі қалалары | Панама | ||||
Үкімет түрі | президенттік республика | ||||
Президенті Вице-президенті |
Хуан Карлос Варела Исабель Сен Мало | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 116-шы орын 75 417 км² 2,9 | ||||
Жұрты • Сарап (2016) • Санақ (2010) • Тығыздығы |
4 034 119 адам 3 405 813[1] адам 56 адам/км² (162-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
121,545 млрд.[2] $ (79-шы) 28,810[2] $ (57-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
72,215 млрд.[2] $ (72-ші) 17,117[2] $ (51-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,789[3] (жоғары) (66-шы) | ||||
Валютасы | Бальбоа (валюта) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .pa | ||||
ISO коды | PA | ||||
ХОК коды | PAN | ||||
Телефон коды | +507 | ||||
Уақыт белдеулері | -5 |
Панама аумағы Орталық Американың ең жіңішке бөлігін алып жатыр. Жағалауы аласа, абразиялы және абразиялы-аккумулятті, солтүстік-батысы лагуналы. Тынық мұхит жағалауы тілімделген, шығанақты (Панама, Монтихо), аралды (Інжу, Койба, т.б.) келеді. Бүкіл аумағын бойлай тау жоталары созылып жатыр. Тау аралық ойыстар мен жағалық бөлігін ойпатты өңірлер алған. Жер сілкіністері жиі болып тұрады.