Росарио Сентраль
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Росарио Сентраль» (толық атауы — ис. Club Atlético Rosario Central) — Аргентинаның Росарио қаласындағы кәсіпқой футбол клубы, Аргентинаның ең байырғы клубтарының бірі. 1889 жылы The Central Argentine Railway Athletic Club (қаз. Теміржолшылардың орталық атлетикалық клубы) деген атаумен құрылған. 1903 жылы қазіргі атакуына ие болды. Клубтың лақап аты — "Теміржолшылар".