Словакия
From Wikipedia, the free encyclopedia
Словакия (словак. Slovensko), ресми атауы — Словак Республикасы (словак. Slovenská republika) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Халық саны 5 443 120 адам (желтоқсан 2017 ж.)[4], аумағы 48 845 км². Халық саны бойынша әлемде 112-ші орынды, аумағы бойынша 127-орынды алады.
Словак Республикасы словак. Slovenská republika | |||||
| |||||
Әнұран: «Nad Tatrou sa blýska» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 1 қаңтар 1993 жыл (ЧСФР-ден) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | словак тілі | ||||
Елорда | Братислава | ||||
Ірі қалалары | Братислава, Кошице, Нитра, Прешов, Жилина | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Зузана Чапутова Эдуард Хэгер | ||||
Мемлекеттік діні | Католицизм | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 127-ші орын 49 035 км² 0,0789 | ||||
Жұрты • Сарап (2018) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▲ 5 450 421[1] адам (112-ші) 5 397 036 адам 111 адам/км² (88-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▲ 199,722 млрд.[2] $ (68-ші) ▲ 36,640[2] $ (37-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2019) • Жан басына шаққанда |
▼ 106,552 млрд.[2] $ (60-шы) ▼ 19,548[2] $ (40-шы) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,857[3] (өте жоғары) (36-шы) | ||||
Этнохороним | словактар | ||||
Валютасы | Еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
ISO коды | SK | ||||
ХОК коды | SVK | ||||
Телефон коды | +421 | ||||
Уақыт белдеулері | +1, жазда UTC +2 |
Астанасы - Братислава. Мемлекеттік тіл - словак тілі.
Унитарлы мемлекет, парламенттік республика. 2020 жылдың қыркүйегіндегі жағдай бойынша Зузана Чапутова президенттікке ие, ал Игорь Матович премьер-министр. 8 жиекке бөлінеді.
Еуропаның орталығында орналасқан. Мұхитқа шыға алмайтын ел. Чехия, Аустрия, Польша, Мажарстан, Украинамен құрлықтық шекарасы бар.
Дінге сенушілердің көпшілігі (халықтың шамамен 70%) католик.
Словакия - НАТО мен ЕО мүшесі. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан индустриалды ел. 2011 жылы ЖІӨ көлемі 127,111 млрд АҚШ долларын құрады (жан басына шаққанда шамамен 23 384 доллар). Ақша бірлігі - еуро.
Елдің тәуелсіздігі 1993 жылы 1 қаңтарда жарияланды. Тарих бойына елдің территориясы VII-ші ғасырдағы Само мемлекетінен XX-шы ғасырда Чехословакияға дейінгі көптеген державалар мен мемлекеттік құрылымдардың құрамына кірді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Үшінші рейхке тәуелді Словакия мемлекеті болды, ол 1945 жылы қайтадан Чехословакияның құрамына кірді.