Социалистік еңбек ері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Социалистік Еңбек Ері (орыс: Герой Социалистического Труда) — шаруашылық пен мәдени құрылыстағы аса үздік жетістіктері үшін еңбекте ерекше көзге түсіп, өздерінің аса үздік жаңашыл қызметтерімен қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға, халық шаруашылығын өрге бастыруға, ғылым мен техниканы дамытуға, КСРО-ның күш-қуатын нығайтып, даңқын шығаруға ат салысқандары үшін ең жоғары құрметті атақ - Социалистік Еңбек Ері белгісін алған еңбеккерлер.
Quick Facts Социалистік еңбек ері ...
Социалистік еңбек ері | |
---|---|
Шынайы атауы | орыс. Герой Социалистического Труда |
Мемлекет | КСРО |
Соңғы иегері | 21 желтоқсан 1991 жыл |
Барынша ұсынылған | 20 613 |
Close
Бұл атақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1938 жылғы 27 желтоқсанындағы Жарлығымен бекітілген.[1]