Студент
From Wikipedia, the free encyclopedia
Студент (лат. studens — бір нәрсеге ұмтылушы, бір нәрсеге қызығушы) — жоғары оқу орнында (институт, университет т.б.) оқып білім алушы тұлға.
Басқа мағыналар үшін Студент (айрық) деген бетті қараңыз.
Ең алғашқы университет пайда болғанда латын тілі ғылым мен іс қағаздарының тілі болған. Студенттерді ол кезде школяр (лат. scholaris — оқушы, лат. schola — мектеп) деп атайтын. Бұл термин бүгінде мектеп оқушыларына қатысты қолданылады.