Сынық
From Wikipedia, the free encyclopedia
Сынық (лат. fractura) – сүйек бүтіндігінің бұзылуы. Пайда болуына байланысты туа біткен және жүре пайда болған Сынық болып бөлінеді. Туа біткен Сынықтар нәресте сүйегінің құрсақ ішінде патологиялық процестер немесе анасының жарақат алуы себептерінен болады. Жүре пайда болатын Сынықтар себебіне қарай патологиялық және жарақаттық Сынық болып ажыратылады. Жарақаттық Сынық – сау сүйектің оқыстан күшті механизмі зақым алуы (соққыдан, құлап қалудан, тағы басқа), ал патологиялық Сынық көбінесе жеңіл жарақаттың асқынуы не сүйек тінінің өзінен-өзі ауырып, өзгеріске түсуі салдарынан (остеомиелит, ісік, тағы басқа) болады.
Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады.