Титаник
From Wikipedia, the free encyclopedia
Титаник (RMS Titanic) — 20-шы ғасырдың басында салынған алып кеме. Британ кеме құру компаниясы «White Star Line»-ның «Олимпик» класындағы үш кеменің екіншісі. Ол 1909 — 1911 жылдар аралығында Белфасттағы «Харланд энд Вольф» верфінде соғылған. Сыйымдылығы 2224 адам.
«Титаник» | |
RMS Titanic | |
Негізгі ақпарат | |
---|---|
Түрі | |
Мемлекет | |
Тіркелген айлақ | |
Класс |
«Олимпик» |
ИМО нөмірі |
401 |
Қысқаша атауы |
MUC (MGY) |
Иемденуші | |
Соғушы |
«Harland and Wolff» верфі |
Суға түсірілді | |
Қолданысқа берілді | |
Қолданыстан шықты | |
Қазіргі уақытта |
Батып кеткен |
Сипаттамасы | |
Су ығыстырымы |
52 310 т |
Ұзындығы |
269,06 м |
Ені |
28,19 м |
Биіктігі |
18,4 м (ватерсызықтан бастап жоғарғы палубаға шейін) |
Орташа шөгуі |
10,54 м |
Техникалық сипаттамасы | |
Қозғалтқыштар |
2 төрт цилиндрлі көлемі үш есе ұлғайтылған булы машина және булы турбина |
Винттердің саны |
3 |
Қуаттылығы |
55 000 а. к. |
Жылдамдығы |
24—25 түйін |
Экипаж саны |
885[1] |
Жолаушылар сыйымдылығы |
2,453 жолаушы:
|
Жолаушылар құрамында әлемнің ауқатты адамдары IV Джон Джекоб Астор, Бенджамин Гуггенхайм және Исидор Штраус сияқты миллионерлер, сол сияқты Америкаға жаңа өмір іздеп шыққан Ирландия мен Скандинавиядан келген мыңдаған эмигранттар болды. Кеме гимнастика залы, шомылу бассейні, кітапхана, жоғары классты мейрамхана және сәнді каюталарымен ерекшеленді.
1912 ж. 10 сәуірде Саутгемптоннан шыққаннан кейін лайнер Франциядағы Шербур және Ирландиядағы Квинстаунға жол салып, содан кейін батысқа қарай Нью-Йоркке аттанады.[2] Төрт күн жүзгеннен кейін, 1912 ж. 14 сәуірде Ньюфаундленд маңынан 375 миль жерде сағат 11:40-та (кеме уақыты:UTC-3) кеме айсбергке соғылады. Кеменің 16 қалқасының 5-не су кіріп, екі жарым сағаттан кейін кеме екіге бөлініп, өзімен бірге мыңдаған адамды су түбіне алып кетеді. Мұхит бетінде қалған жолаушылар тастай судан қатып өледі. Аман қалған қайықтағы 710 жолаушыны Карпатия бірнеше сағаттан кейін алып кетеді.
Апат бүкіл әлемді аңыртып тастады. Қоғамдағы туындаған сұрақтардан кейін Ұлыбритания мен АҚШ теңіз қауіпсіздігін жетілдіруді қажетсінді. Соның бірі қазіргі уақытқа шейін ең сәтті қолданылып келе жатқан 1914 ж. құрылған Теңіздегі Қауіпсіз Өмір туралы Халықаралық Конвенция (СОЛАС). Тірі қалғандардың көбісі ақшаларынан, меншікті заттарынан, Саутгемптоннан шыққан экипаж мүшелерінің отбасылары күнделікті табыс көзін жоғалтады. Оларға мейірбан жандар мен қайырымды адамдар ақшалай көмектесті. Кейбір тірі қалған адамдар соның ішінде бортта қалған әйелдер мен балаларды күтпей, шлюпкаға отырып кеткен Уайт Стар Лайнның төрағасы Дж. Брюс Исмейді қоғам остракизммен қарсы алды.
1985 ж. 3 784 метр тереңдіктен Титаниктің қалдығы табылады. Теңіз бетіне көтерілген мыңдаған жәдігерлер әлемнің түрлі мұражайларына қойылады. Оған арнап бірнеше кітап, фильм шығарылады, көрмелер мен ескерткіштер ашылады.