Уильям Отред
From Wikipedia, the free encyclopedia
Уильям Отред (ағылш. William Oughtred, 5 наурыз 1575—30 маусым 1660) — ағылшын математигі. Ескі орыс жазбаларында Вильям Отред немесе Вильям Оутред деп аталуы мүмкін. Логарифмдік сызғыштың (1622 жыл) құрастырушысы және қазiргi заманғы математикалық символиканың жасаушыларының бiрi ретінде танымал. Оның оқушылары танымал Кристофер Рен және Джон Валлис болған. Отредтың еңбектері алгебраның дамуына түбегейлi ықпалын тигізді.