Футболдан Испания Кубогы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Футболдан Испания Кубогы (исп. Copa del Rey — Патша кубогы) — әр жыл сайын футболдан Испания футбол клубтарының арасында өтетін турнир. 1902 жылдан бастап өтеді.Өзі құрылған сәттен бастап, турнир бірнеше рет өз атауын өзгертті; қазіргі атауы — Патша кубогы (1977 жылдан бері). Осы күнге дейін 17 клуб турнир жеңімпазхы атанды, ең көп жеңгені «Барселона» (30), содан кейін «Атлетик Бильбао» (23) және «Реал Мадрид» (19). Турнирдің жеңімпазы Еуропа лигасына қатысады және Футболдан Испания Суперкубогына қатысады.