Шұрат
From Wikipedia, the free encyclopedia
Шұрат, оазис (лат. Oasіs – Ливия шөліндегі бірнеше елді мекеннің аты) – шөл немесе шөлейтті жерлерде өсімдіктерге толы, басқа өсімдік жамылғысынан оқшауланған; негізінен табиғи су айдынның қасында орналасады.
- шөл және шөлейтті өңірлердегі ағаш аралас шөптесін өсімдік өскен көгалды алқап. Бұл жерлердің өз айналасына қарағанда салыстырмалы ылғалдылығы мол. Шұрат жер асты суы жақын жатқан немесе тасыған өзен сулары жайылған жерде байқалады. Сол сияқты қолдан жасалған бөгендер, канал арқылы суландырылған жерлерде де шұраттар болады. Алып жатқан ауданы бірнеше гектардан мыңдаған км2-ге жетеді; халықтың шоғырланған (мысалы, Африкадағы Ніл өзенінің аңғары, Орталық Азиядағы Ферғана аңғары) және суармалы жерлердегі өнімді егін шұратының орталығы болып табылады. Африка мен Оңтүстік-Батыс Азия шөлдеріндегі шұраттарда құрма пальмасы, Орталық Азия шұратында мақта, жүзім, т.б. дақылдар өседі. Қазақстанда аридтік климаттық белдеулердегі өзен аңғарлары мен құмды алқаптарда кездеседі. Мысалы, Шу-Талас аңғарлары
- Антарктиданың мұздан бос шеткі бөлігі (мысалы, Бангера шұраты).