Эрнан Кортес
From Wikipedia, the free encyclopedia
Фернандо Кортес де Монрой и Писарро Альтамирано (ис. Fernando Cortés de Monroy y Pizarro Altamirano), немесе Эрнан Кортес (ис. Hernán Cortés), кейде Фернандо, Эрнандо, Фернан деп те аталады; 1485—1547) — Мексиканы жаулап алған және Ацтектердің мемлекеттігін жойған испан конкистадоры. Еуропаға XVI ғасырдың бірінші ширегінде алғашқы рет ваниль және шоколадты алып келген адам[1].
Эрнан Кортес | |
Fernando Cortés de Monroy y Pizarro Altamirano | |
Туған күні |
1485 (1485) |
---|---|
Туған жері |
Медельин, Кастилия және Леон, Испания |
Қайтыс болған күні |
1547 (1547) |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | |
Қызметі | |
Әкесі |
Мартин Кортес де Монрой |
Анасы |
Каталина Писарро Альтамирано |
Жұбайы |
1) Каталина Хуáрес Маркайда (в 1514—1522) |
Марапаттары мен сыйлықтары |
25px Сантьяго ордены |
Орташа дәулетті, бірақ атақты идальго отбасынан шыққан. Саламанка университетіндегі оқуын тастап, әскери адамның өмірін таңдаған. 1504 жылы Эспаньолаға көшіп, 1510-1514 жылдары Диего де Веласкес бастаған экспедияға (Кубаны жаулап алу) қатысты. 1519-1521 жылдары өз бастамасыменмен Мексиканы бағындыруды іске асырды. 1522-1526 жылдары қайта құрыған Жаңа Испания отарында генерал-капитан шенінде қызмет атқарған. Өзінің дербес саясатын жүргізген Кортес билік үшін тартыстан кейін 1528 жылы Еуропаға қайта оралды. 1529 жылы король Карл V оған Оахака маркизі лауазымын тарту етті. 1530 жылы Мексикаға әскери губернатор болып қайтқанымен, Кортестің қолында нақты билік болмады. 1540 жылы Еуропаға біржолата қайтып, 1541 жылы сәтсіз аяқталған Алжирдегі жорыққа қатысты. Испанияда қайтыс болып, Отанында жерленген Кортестің денесі 1556 жылы Мексикаға жеткізілді. 1560-шы жылдары оның ұрпақтары бастаған Мексикадағы билікті басып алу әрекеттері еш нәтиже бермеді.