Эстония
From Wikipedia, the free encyclopedia
Эстония (эст. Eesti), ресми атауы — Эстония Республикасы (эст. Eesti Vabariik) — Шығыс Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Балтық теңізінің Финн және Рига шығанақтарының суларымен қоршалып жатыр.
Эстонияның құрамына 1500-ден астам (оның ішінде Моонзунд топаралы да бар) арал кіреді. Аумағы 45,1 мың км2, халқы 1,32 млн. (2021), оның 63,9%-ы – эстондар, 29%-ы – орыстар, 2,7%-ы – украиндар, 1,6% – беларусьтар, 1%-ы – финндер, т.б. Дінге сенушілердің басым бөлігін лютеран дініндегілер құрайды, православие дініндегілер де бар. Халқының 70%-ы қалаларда тұрады, неғұрлым ірі қалалары: Таллин, Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну. Астанасы – Таллин қаласы.
Ресми тілі – эстон тілі. Әкімшілік-аумақтық жағынан 15 уезден (маакондтан) және орталық бағыныстағы 6 қаладан құралады. Конститутция бойынша мемлекет басшысы президент, ал жоғары заң шығарушы органы – Рийгикогу (бір палаталы парламент).
Ұлттық мерекесі – Эстонияның тәуелсіздік күні, 24 ақпан (1918). Эстония БҰҰ-ның (1991), Еур. Кеңестің (1993), Еуроодақтың (2004) мүшесі. Ақша бірлігі – еуро.
Эстония Республикасы эст. Eesti Vabariik | |||||
| |||||
Әнұран: «Mu isamaa, mu õnn ja rõõm (Менің отаным, бақыт пен қуанышым)» (тыңдау (ақп.)) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 24 ақпан 1918 жыл (РСФКР-ден) 8 мамыр 1990 жыл (КСРО-дан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | Эстон тілі | ||||
Елорда | Таллин | ||||
Ірі қалалары | Таллин, Тарту, Нарва, Пярну, Кохтла-Ярве, Вильянди, Раквере | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі Рийгикогу төрағасы |
Алар Карис Кая Каллас Хенн Пыллуаас | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 129-шы орын 45 227[1] км² 4,45 | ||||
Жұрты • Сарап (2020) • Санақ (2011) • Тығыздығы |
▲ 1 320 678[2] адам (153-ші) 1 294 455[3] адам 28 адам/км² (149-шы) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
49,644 млрд.[4] $ 37,605[4] $ (43-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2020) • Жан басына шаққанда |
32,742 млрд.[4] $ 24,802[4] $ (37-ші) | ||||
АДИ (2018) | ▲ 0,882[5] (өте жоғары) (30-шы) | ||||
Этнохороним | эстондықтар, эстондық | ||||
Валютасы | еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ee, .eu | ||||
ISO коды | EE | ||||
ХОК коды | EST | ||||
Телефон коды | +372 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC+2, жазда UTC+3 |