Қап, бәлем, тұра тұр! (мультфильм)
From Wikipedia, the free encyclopedia
"Қап, бәлем, тұра тұр!" мультфильмі (орыс: Ну, погоди !) — «Союзмультфильм» киностудиясының ең үздік туындыларының бірі. Бұл мультфильмде екі басты кейіпкер бар.
Ну, погоди! | |
Қап, бәлем, тұра тұр! | |
Жанры | |
---|---|
Режиссері |
Котёночкин Вячеслав Михайлович[1] |
Сценарист |
Феликс Камов, Аркадий Хайт, Александр Курляндский |
Рөлдерді дыбыстағандар |
Анатолий Папанов, Клара Румянова, Ольга Зверева (1-18), Игорь Христенко (19-20) |
Композиторы |
Виктор Бабушкин, Александр Зацепин, Андрей Державин[2] |
Студия | |
Ел | |
Сериялар саны |
20 |
Форматы |
4:3 |
Біріншісі – кең балақты шалбар киіп, жейдесінің етегін шығарып алып өзінше шіреніп жүрген қасқыр. Екіншісі – кішкентай болса да қулығы қасқырдан басым сақ құлақ қоян. Қоянның соңынан қуа жөнеліп, талай қақпанға түсетін, ол қақпаннан шығып енді ұстадым ба дей бергенде тағы да сүрінетін қасқырдың бірде-бір рет айызы қана алмады-ау.
Ол бәрібір қу қоянды уысына түсіре алмады.
«Қап, бәлем, тұра тұр!» - көрерменнен бағасын алып үлгерген ұлы туынды. Екі басты кейіпкердің бітпейтін шайқасы қаншама сериалға жалғасты.