Қатысушы:Жангүл Алмас
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мели́сса Энн Макка́рти 1970 жылы 26 тамыз күні, АҚШ-та Плейнфилд жерінде дүниеге келген. Ол америкалық актриса, комедиант, сценарист, продюсер және модельер. Екі Эмми сыйлығының иегері, сондай-ақ "Оскар" және "Алтын глобус" сыйлықтарының екі дүркін номинанты.
Маккарти стендап-комедиант мансабын Нью-йорктегі клубтарда өнер көрсете жүріп бастаған. Кейіннен келе кино және телевизия мансабын бастау үшін Лос Анджелеске көшті. Ол 2001 жылдан 2007 жылға дейін "Гилмор қыздары" телесериалындағы Сьюки Сент Джеймс рөлін ойнау арқылы танымалдылыққа ие болды.
2007 жылдан 2009 жылға дейін ол "Саманта деген кім?", 2010 жылдан 2016 жыл аралығында “Майк пен Молли” комедиялық сериалында басты рөлді ойнаған. Осы рөлдерінің арқасында 2011 жылы "Комедиялық сериалдың ең үздік актрисасы" категориясында "Эмми" сыйлығына ие болды.
Маккарти сондай-ақ, "Тоғыз", "Б жоспары", "Жизнь, как она есть" фильмдеріндегі рөлдерімен және 2011 жылы "Вегастағы бакалавр кеші" фильміндегі Меган рөлімен танымал. Осы фильмдегі рөлдері үшін, бірнеше марапатпен номинацияларға ие болады. Соның ішінде осы рөлдері үшін "Оскар", BAFTA және АҚШ-тың үздік актерлерге берілетін "Гильдия" премиясы және "Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясын иеленген. 2012 жылы "Forbes" журналы Маккартиді "Телевизиядағы гонарары ең көп төленетін жиырма актриса" тізіміне қосты.
Содан бері Маккарти Голливудтағы комедиялардың басты рөлін «Поймай толстуху, если сможешь», «Копы в юбках», «Тэмми» и «Шпион» ("Алтын глобус" номинациясымен белгіленген) сомдады. Аталған фильмдердің әрқайсысы сатылымда жақсы табыс әкелді. 2014 жылы ол «Святой Винсент» фильмінде драмалық рөлді ойнады.
Маккарти "On the day Productions" өндірістік компаниясының иесі. 2013 жылы Forbes журналы Маккартиді өзінің "Жүз ең ықпалды танымалдар" тізіміне қосты. 2015 жылы ол Голливудтың "Даңқ аллеясында" атаулы жұлдызға ие болды.
Сондай-ақ, ол барлық мөлшерлі әйелдерге арналған жеке дизайнерлік киім желісін іске қосты. 2015 жылы Forbes журналы Маккартиді өзінің жыл сайынғы "Әлемдегі гонарары ең көп төленетін актрисалар" тізімінде үшінші орынға қойды.