Қатысушы:Жангүл Алмас/зертхана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мели́сса Энн Макка́рти (ағылш. Melissa Ann McCarthy; 26 тамыз 1970, АҚШ, Плейнфилд)[1] — Голливуд тарихындағы ең үздік актрисалардың бірі. Ол Америкалық актриса, сценарийші, продюсер және модель. Екі Эмми сыйлығының, "Оскар" және "Алтын глобус" сыйлықтарының иесі.
Мелисса Энн Маккарти | |
Мелисса Маккарти 2018 жыл. | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Плейнфилд, Иллинойс, АҚШ |
Қызметі |
Актриса, комик, сценарист, кинопродюсер |
Жұбайы |
Бена Фальконе |
Марапаттары мен сыйлықтары |
Оскар, Эмми |
Маккарти, стендап-комедиант мансабын Нью-йорктегі клубтарда өнер көрсете жүріп бастаған. Кино және телевизия мансабын бастау үшін Лос Анджелеске көшті. Ол "Gilmore Girls" (2001-2007) телесериалындағы Сьюки Сент Джеймс рөлін ойнау арқылы танымалдылыққа ие болған. "Samantha Who?"(2007-2009), “Mike & Molly” (2010-2016) комедиялық сериалында басты рөлді ойнаған. Осы рөлдерінің арқасында 2011 жылы "Эмми" сыйлығының "Комедиялық сериалдың ең үздік актрисасы" номинациясына ие болды.
Ол "The Nines", "The Back-Up Plan" фильмдеріндегі рөлдерімен және "Bridesmaids"(2011) фильміндегі Меган рөлімен танымал. Осы фильмдегі рөлдері үшін, бірнеше марапат және номинацияларға ие болды. Соның ішінде аталмыш рөлдері үшін "Оскар", "BAFTA" және АҚШ-тың үздік актерлеріне берілетін "Гильдия" премиясы және "Екінші пландағы үздік әйел рөлі" номинациясын иеленген. 2012 жылы Forbes журналы Маккартиді "Телевизиядағы еңбекақысы ең көп төленетін жиырма актриса" тізіміне қосты[2].
Маккарти Голливудта түсірілген "Identity Thief", "Tammy" және "Spy" комедияларының ("Алтын глобус" номинациясымен белгіленген) басты рөлдерін сомдады. Аталған фильмдердің әрқайсысы сатылымда жақсы табыс әкелді. "St. Vincent"(2014) фильмінде драмалық рөлді ойнады.
2013 жылы Forbes журналы Маккартиді өзінің "Жүз ең ықпалды танымалдар" тізіміне қосты[3]. 2015 жылы жыл сайынғы "Әлемдегі еңбекақысы ең көп төленетін актрисалар" тізімінде үшінші орынға қойды[4][5].