Қызылорда облысы
Қазақстан облысы / From Wikipedia, the free encyclopedia
Қызылорда облысы — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан облысы.
Қазақстан облысы | |||
Қызылорда облысы | |||
| |||
Әкімшілігі | |||
---|---|---|---|
Облыс орталығы | |||
Аудандар саны |
7 | ||
Ауылдық округтер саны |
142 | ||
Кенттік әкімдіктер саны |
2 | ||
Қалалық әкімдіктер саны |
4 | ||
Ауыл саны |
230 | ||
Әкімі | |||
Тарихы мен географиясы | |||
Координаттары |
45°00′ с. е. 64°00′ ш. б.45.000° с. е. 64.000° ш. б. / 45.000; 64.000 (G) (O) (Я) | ||
Құрылған уақыты | |||
Жер аумағы |
226 076 км² (3- орын) | ||
Уақыт белдеуі | |||
Экономикалық ауданы | |||
Тұрғындары | |||
Тұрғыны |
▲ 833 531[1] адам (2023)(8- орын) | ||
Тығыздығы |
3,7 адам/км² (12- орын) | ||
Ұлттық құрамы |
қазақтар 96,54 % | ||
Ресми тілі | |||
Сандық идентификаторлары | |||
Телефон коды |
+7 7242 xx-xx-xx | ||
Пошта индекстері |
12xxxx | ||
Автомобиль коды |
11 | ||
ISO 3166-2:KZ коды |
KZ-KZY | ||
Басқалары | |||
Әкімдіктің мекенжайы |
Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 | ||
Ортаққордағы санаты: Қызылорда облысы |
Облыс 1938 жылғы 15 қаңтарда құрылған. Жер аумағы 226 мың км² (Қазақстан жерінің 8,3% -ы). Тұрғыны 783 099 адам, орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 3,4 адамнан келеді (2018).[3] Облыс орталығы — Қызылорда қаласы.
1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан президентінің жарлығымен қаланың орысша транскрипциясы Кзыл-Ордадан Кызылордаға, ал облыс аты Кзыл-Орда облысынан Кызылорда облысына өзгертілді.
Қызылорда облысы Арал теңізінің шығысында, Сырдария өзенінің төменгі ағысында және Тұран ойпатында орналасқан. Қазақстан Респуликасының бірнеше облыстарымен, оның ішінде шығыс және оңтүстік–шығысында Түркістан облысымен, солтүстігінде – Ұлытау облысымен, солтүстік-батысында Ақтөбе облысымен және оңтүстік-батысында Қарақалпақстанмен, оңтүстігінде Өзбекстанның Науаи облысымен шектеседі. Жер көлемі жөнінен республика бойынша 3-орында.