Өзбекстанның әкімшілік бөлінісі
From Wikipedia, the free encyclopedia
2012 жылғы жай-күйі бойынша Өзбекстанның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 3 деңгейден тұрады: бірінші деңгейде 12 облыс (уәлаяттар, өзб. viloyat, вилоят), 1 республика (Қарақалпақстан) және орталық бағынысты 1 қала (Ташкент) бар. Облыстар мен республика аудандар (түмендер, өзб. tuman, туман) мен облыстық (республикалық) бағынысты қалаларға бөлінеді. Ташкент қаласы қалаішілік аудандарға бөлінеді. Облыстар мен республиканың аудандары аудандық бағыныстағы қалаларға, қалалық мекендерге (шаһарша, өзб. shaharcha, шаҳарча) және ауыл бұқаралары жиындарына (өзб. qishloq fuqarolar yig'ini, қишлоқ фуқаролар йиғини) бөлінеді.
Азаматтардың ауылдық жиындары сондай-ақ облыстық бағыныстағы қалалардың, ал қалалық ауылдар – облыстық (республикалық) бағыныстағы қалалар мен Ташкент қалаішілік аудандарының құрамына кіре алады[1].