Өзбекстан президенті
Өзбекстан Республикасындағы басты лауазым / From Wikipedia, the free encyclopedia
Өзбекстан Республикасының Президенті (өз. Oʻzbekiston Respublikasi Prezidenti) — Өзбекстан Республикасындағы мемлекеттік және атқарушы биліктің басшысы. Өзбекстандағы президенттік лауазым 1990 жылы 24 наурызда құрылды. Өзбекстан Республикасы Конституциясының 90-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасының Президенті лауазымына 35 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, тікелей сайлауға дейін кемінде 10 жыл Өзбекстан аумағында тұрақты тұратын Өзбекстан Республикасының азаматы сайлана алады. Өзбекстан Республикасы Президентін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде елдің 18 жасқа толған азаматтарының жасырын дауыс беруі арқылы өткізіледі. Өзбекстан Республикасының Президенті 5 жыл мерзімге сайланады. Президентті сайлау тәртібі"Өзбекстан Республикасының Президентін сайлау туралы" заңда (1991 жылғы 18 қарашада) және оның жаңа редакцияда қабылданған тиісті баптарында (2004 жылғы 3 желтоқсанда) белгіленген.
Өзбекстан Республикасының Президенті өзб. Oʻzbekiston Respublikasi Prezidenti | |
Өзбекстан президентінің байрағы | |
Ресми резиденциясы |
Көксарай (Ташкент) |
---|---|
Тағайындалды |
тікелей дауыс беру арқылы |
Өкілеттігінің мерзімі |
5 жыл, қатарынан екі рет мерзімнен артық емес |
Лауазым пайда болды | |
Лауазымдағы алғашқы қызметші | |
Сайты |