2004 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары
From Wikipedia, the free encyclopedia
Жазғы Олимпиада ойындары 2004 (гр. Θερινοί Ολυμπιακοί Αγώνες 2004, Therinoí Olympiakoí Agó̱nes 2004[1]), ресми атауы XXVIII Олимпиаданың ойындары, 2004 жылдың 13—29 тамыз күндері аралығында Грекияның елордасы Афина қаласында өткен жетекші халықаралық мульти-спорттық шара. Грекия Олимпиада ойындарының отаны болғандықтан, ұранның Welcome Home (Үйге қош келдің немесе үйге қош келдіңіздер) нұсқасы таңдалды. Ойындарға 201 елден келген 10,625 спортшы[2] және 5,501 ресми өкіл қатысты.[2] 28 спорт түрінен 301 жүлде жинағы ойнатылды.[2] 2004 жылдың Олимпиадасына Ұлттық Олимпиада комитеттері бар барлық елдер қатысты, бұл Олимпиада ойындарының тарихындағы екінші рет болған жағдай, бұрын 1996 жылғы Олимпиада ойындарына ғана ХОК-қа мүшелік ететін елдер түгелдей қатысқан.