Ішкі шаруашылық есеп айырысу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Ішкі шаруашылық есеп айырысу, шаруашылық ішінде есеп айырысу – дербес теңгерімге немесе бөлек теңгерімдерге бөлінген құрылымдық бөлімшелермен есептесу. Ішкі шаруашылық есеп айырысу айырысу шоты кәсіпорындардың бөлімшелерімен, өкілдіктерімен, басқа да оқшауландырылған кіші бөлімшелерімен есеп айырысудың барлық түрлерінің: бөлінген мүлік бойынша, материалдық құндылықтарды бір-біріне босату бойынша, өнімді өткізу бойынша есеп айырысу; ортақ басқарушылық қызмет бойынша жұмсалған шығынды беру, бөлімшелер қызметкерлеріне жалақы төлеу, т.б. бойынша есеп айырысу есебін жүргізуге арналған. Ішкі шаруашылық есеп айырысу кәсіпорынның теңгерімінде көрсетілмейді.[1]