Абриктозавр
From Wikipedia, the free encyclopedia
Абриктозавр- біздің заманымыздан 199-196 миллион жыл бұрын ерте Юра кезеңінде Оңтүстік Африка жерінде өмір сүрген қорек талғамайтын шағым динозавр.
Олардың азу тістерінің үстіңгісі - 10 см, төменгісі - 17 см ұзындықта. Алдынғы аяқтары - шағын, әлсіздеу, ал 4-ші және 5- саусақтары мүлде сүйексіз. Абриктозаврдың сүйектері Оңтүстік Африка мен Кап провинциясының аймағынан табылған. Бір бассүйегін 1974 жылы Ричард Тулборн атты палионтолог тауып, талық сипаттап, „Ликоринус“ деген атау берсе, екіншісін 1975 жылы Джеймс Хопсон Африкадан тапқан. Абриктозавр - айтарлықтай кішкентай жануар. Ұзындығы шамамен - 1,2 метр, салмағы - небәрі 45 келі. Абриктозаврдың жақ сүйегінің алдыңғы бөлігінде тіс болмаған. Сондықтан шөптерді жұлып жеуге қатты тұмсығын пайдаланған.