Аденин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Аденин (C5H5N5) - пурин негіздерінің тобындағы гетероцикінді қосылыс, түссіз кристалдар; балқу температурасы 360—365°С; ДНҚ және РНҚ нуклеозоидтер – нуклеотидтер нуклеин қышқылдары құрамында құрылымдық компонент ретінде болатын азотты негіз.
Аденин | |
---|---|
Атауы | 9H-Пурин-6-амино |
Альтернативті атауы | 6-аминопурин |
Брутто формуласы | C5H5N5 |
Молекулалық массасы | 135,13 г/моль |
Қайнау нүктесі | 360—365 °C |
CAS саны | 73-24-5 |
SMILES | NC1=NC=NC2=C1N=CN2 |
Пуриннің аминделген туындысы-пуриндік азотты негіз.[1]
Аденинді нуклеотидтердің құрам бөлігі және осы түрінде тірі организмдерде кең таралған (6-аминопурин).[2]
Клетка биоэнергетикасының негізгі көзі аденозинфосфор қышқылдарының, гормондар алмасуының реттеуші заттарының бірі, циклді 31,51-аденозинмонофосфаттың, коферменттердің (НАД, НАД], ФАД), т.б. құрамына кіреді.
Аденин сүт, ет, жұмыртқа, ашытқы, қызылша тамырында және көптеген өсімдіктердің жапырақтары мен гүлдерінде болады. Генетикалық кодтың (тірі организмде нуклеин қышқылы молекуласында бірыңғай тұқым қуалау жүйесінің мәліметін жазу) кестесінде «А» әрпімен белгіленеді. Аденин – организмнің нуклеин қышқылы молекуласында болатын тұқым қуалау қасиетін және белоктың биосинтезі процесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.[3]