Алматы қорығы
Алматы облысы Іле Алатауы бөктерінде орналасқан қорық / From Wikipedia, the free encyclopedia
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы — Іле Алатауының орталық бөлігіндегі табиғат байлығын қорғау және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 1931 жылы құрылған мемлекеттік корық. Ауданы 73,34 мың га (1997). Алматы қорығының құрамына теңіз деңгейінен 1400-5017 м биіктікте орналасқан Талғар тауының жоталары енеді. Ол 4 биіктік белдеуден тұрады. Оның орманды-дала белдеуінде (1300-2600 м) алма, өрік, долана, қарақат, итмұрын, ұшқат өседі. Жабайы жеміс ағашты орман Тянь Шань шыршасынан тұратын қылқан жапырақты орманға (1400-2800 м) ауысады. Ал субальпі белдеуі (2600-3000 м) жартастар мен құлама шөгінділерден, шөбі аласа альпі шалғынынан тұрады. Одан жоғары (3800 м-ден биік) белдеуді ұдайы мұз басқан құздар алып жатыр. Қорықта өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы | |
Талғар шыңы | |
ХТҚО санаты — Ia (Қатаң табиғи резерват) | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Ауданы | 71 700 га |
Құрылған уақыты | 15 мамыр 1931 жыл |
Басқаратын ұйым | ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті |
Сайты | http://www.almaty-zapovednik.kz/ |
Орналасуы | |
43°06′00″ с. е. 77°19′00″ ш. б.43.10000° с. е. 77.31667° ш. б. / 43.10000; 77.31667 (G) (O) (Я) (T) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Алматы облысы |
Аудандар | Талғар ауданы, Еңбекшіқазақ ауданы |
Lua error Module:Wikidata/media ішіндегі 4 жолында: attempt to concatenate local 'value' (a nil value). |