Америкалық футбол
From Wikipedia, the free encyclopedia
Америкалық футбол немесе Америка футболы — ойыншылар допты қарсылас команданың қақпасына қарай беруге, жіберуге және бағыттауға тырысатын шапшаң және агрессивті сайыс. Әр команда үш құрамдастардан: шабуылшы, қоғаушы және арнайы командалардан тұрады. Америкалық футбол АҚШ-та, Канадада, Америка құрлығының басқа да мемлекеттерінде кең тараған, ойын тәртібі регбидің ережесіне ұқсас ойын. XIX ғасырдың екінші жартысында Гарвард университетінде пайда болып, 1871 жылы алғашқы жарыс өткізілген. Біраз уақытқа дейін "Бостон ойыны" деп аталып келген. Гарвардтан басқа студенттер арасында да кең тараған. 1906 жылы бұрынғы ойын тәртібі қайта қаралып, осы күнгі жаңа тәртіп жасалған, қауымдастығы 1920 жылы құрылған. 1967 жылдан бері АҚШ-та суперкубок үшін жыл сайын жарыс өткізіліп келеді. Америкалық футболда әр команданың құрамында ойын кезінің кез келген уақытында алмастыруға болатын 11 ойыншы бар. Матч әрқайсысы «айқас сызығынан» басталатын жеке эпизодтардан тұрады. Айқас кезінде әр командадан кем дегенде жеті адам бір-бірімен иықтасып қарсыласымен тіресе қалады. Шабуылдаушы жақтың орталық шабуыл-шысы допты аяғымен артта тұрған қорғаушыға тастайды. Қорғаушы өз кезегінде допты бүйірдегі ойыншыға тебеді. Ол допты ала салып алаң бойымен жан ұшыра жүгіріп қолындағы допты гол соғатын сызықтан өткізуге тыры-сады. Бұл үшін 6 ұпай беріледі. Қарсыластың қақпасына соғылған голге 3 ұпай есептеледі.[1] Апаңның көлемі -109,7х 47,8 м. добы сопақша келген, көлемі - 280 х 286 мм., салмағы 397-425 гр.