Арафур теңізі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Арафур теңізі — Үнді мұхитының шетінде, Аустралия мен Жаңа Гвинея және Индонезияның Танимбар, Кай, Ару аралдары аралығында жатқан теңіз. Ауданы 1017 мың шаршы километр. Ең терең жері 3680 метр. Ірі аралдары: Колепом, Ару, Уэссел, Мелвилл, Грут-Айленд, Уэлсли. Түбектері: Кей-Йорк, Арнемленд, шығанағы: Карпентария, бұғазы: Торрес. Теңіздегі ағыс қыс айларында — шығыстан батысқа, жазда — батыстан шығысқа қарай болады. Судың беткі қабатының орташа температурасы 25-280С-қа жетеді. Тұздылығы 34-35,0‰.
Quick Facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Арафур теңізі | |
Сипаттамасы | |
---|---|
Ауданы | 1017 мың км² |
Тереңдігі | 3680 м |
Орташа тереңдігі | 186 м |
Орналасуы | |
8°46′35″ о. е. 135°07′55″ ш. б.8.77639° о. е. 135.13194° ш. б. / -8.77639; 135.13194 (G) (O) (Я) | |
Арафур теңізі Ортаққорда |
Close