Астана (велоклуб)
From Wikipedia, the free encyclopedia
«Астана» велоклубы (ағылш. 'Astana Pro Team') — қазақ компаниялар одағының демеушілігімен ұйымдастырылған кәсіби велокоманда (бұрынғы атаулары Liberty Seguros-Würth Team, Würth Team және Astana-Würth Team). Қазіргі таңда UCI Po Tour ұйымының рейтингісі бойынша Әлемде 229 ұпаймен 4-ші орында тұр[1].
Astana Pro Team | ||||||||||||||
Команда туралы мәлімет | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
UCI коды | AST | |||||||||||||
Орналасуы | Қазақстан | |||||||||||||
Құрылған жылы | 2006 | |||||||||||||
Тәртіптер | Велошоссе | |||||||||||||
Негізгі тұлғалар | ||||||||||||||
Бас менеджері | Джузеппе Мартинелли | |||||||||||||
Команда атауының тарихы | ||||||||||||||
2007 — б.к. | Pro Team Astana | |||||||||||||
|
25 Мамыр, 2006 ж. дейін бас демеуші болып отырған Liberty Seguros, команданың спорт басшысы Manolo Saiz-бен байланысты болған допинг жанжалы салдарынан, бас демеушіліктен бас тартты.
3 шілде, 2006 ж. дейін команда демеушісі Würth компаниясы (Алмания) болғанымен, команда 2006 ж. Тур де Франс жарысының қатысушылар санынан тыс қалғанынан кейін, бұл да демеушіліктен бас тартуын жариялады.
Команда абыройының асқақтаған кезі 2006 жылғы Испания көпкүндігіндегі қазақ велошабандоздары Александр Винокуров пен Андрей Кашечкиннің 1-ші және 3-ші орын иеленгенде болған.
2007 жылғы Тур де Франста уақыттық-сын (time-trial) этапындағы жеңісінен кейін болғын допинг-тестінен сүрінген Винокуров командасының жетекшілеріне Халықаралық Велоспорт Одағы Астана командасын толықтай жарыстан кетуін сұрады. Сонымен қатар қан алмастырды деп айып тағылған Винокуровтың командалас серіктері Андрей Кашечкин пен неміс Матиас Кеслер (Matthias Kessler) допинг тестерінен сүрінді, осылайша ПроТур ережелеріне сәйкес команданың негізгі жұлдыздары Винокуров пен Кашечкин командадан аластатылды.
2013 жылы команда бас менеджері болып Лондон олимпиадасы чемпионы Александр Винокуров тағайындалады, ал командаға танымал Винченцо Нибали және оның нөкерлері Ликвигаздан Астанаға ауысып, алғашқы ірі жеңіс - Джироны ұтады.