Ағылшынша Уикипедия
Уикипедия ағылшын тілінде / From Wikipedia, the free encyclopedia
Ағылшынша Уикипедия (ағылш. English Wikipedia) — Уикипедияның ағылшын тіліндегі бөлімі. 2001 жылдың 15 қаңтарында ашылған[1]. Бұл ең алғашқы (екінші 2001 жылы 17 науырызда немісше Уикипедиясы ашылды) және Уикипедияның ең үлкен бөлімі — 2024 сәуірдің 2 күніне сәйкес 6 806 373 мақала жазылған, екінші ірі Уикипедия бөлімі — немісше Уикипедиясында — 2 896 970 мақала жазылған.
Ағылшынша Уикипедия English Wikipedia | |
URL | |
---|---|
Коммерциялық |
Жоқ |
Сайттың түрі |
Желілік энциклопедия |
Тіркелу |
Міндетті емес |
Тілі | |
Иемденуші | |
Ашылған уақыты | |
Мақалалар саны |
6 806 373 |
Беттер саны |
60 341 032 |
Өңдеулер саны |
1 212 038 436 |
Тіркелген қатысушылар саны |
47 185 743 |
Белсенді қатысушылар саны |
123 564 |
Администраторлар саны |
862 |
Тереңдігі |
1242.6 |
Мақала саны бойынша орны |
1 |
2012 жылдың қаңтарында Ағылшынша Уикипедияның мақалаларының ақпараттық барлық көлемі шамамен 9.7 гигабайтты құрады.[2]
2011 жылы 24 қарашада Ағылшынша Уикипедия 500 млн өңдемелік межені бағындырды. 2012 жылы 13 шілдеде бөлім 4 миллион мақалалық мәрені жеңді.
Қазіргі уақытта Уикипедияның барлық мақалаларының 10,8 %-ін ағылшынша Уикипедия иемденеді. Жыл сайын бөлімнің үлесі едәуір азайып келеді: 2003 жылы — тең жартысы; 2005 жылы — үштен бірі; 2007 жылы — төрттен бір бөлігін құрады.[3] Ағылшынша Уикипедия 2009 жылғы жағдаймен Уикипедияның барлық тіл бөлімдерінің арасында беттерінің қаралу саны бойынша шамамен тең жартысына жуығын иеленді.